Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Проблемалық-бағдарланған оқытуға арналған тьюторлар курсы

Проблемалық-бағдарланған оқытуға арналған тьюторлар курсы

29 Маусым 2021

2021 жылдың 18-25 маусымы аралығында  КеАҚ "ҚМУ"  симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының базасында КеАҚ ҚМУ қызметкерлері (81 адам) үшін " Тьюторлардың проблемалық-бағдарланған оқытуға арналған базалық курсы" тақырыбында педагогикалық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Оқыту openlabyrinth электрондық онлайн платформасында виртуалды пациенттерді пайдалана отырып жүргізілді. Бұл курс біздің білім беру ұйымымыздың  білім беру бағдарламасына оқытудың белсенді әдістерін одан әрі енгізу мақсатында тьюторлық қызмет дағдыларын әзірлеу мен дамытуға бағытталған. Бұл курстың өзектілігі біздің ЖОО-да ПБО кеңінен енгізумен және тьюторлардың жеткілікті санын дайындау қажеттілігімен тығыз байланысты.

Халықаралық үрдістер контексінде жүзеге асырылатын жоғары білім беруде оқыту сипатын өзгертпей және білім алушылардан талап етілетін құзыреттіліктердің түпкілікті нәтижесіне баса назар аудармай дамыту мүмкін емес. Кәсіби білімнің, іскерліктің және дағдылардың тұрақтылығы мен өміршеңдігі, кәсіби даму траекториясын таңдау оқу қабілетіне байланысты. Бұл қабілетті инновациялық білім беру технологиялары, оқытудың жаңа тәсілдері арқылы үнемі жоғары деңгейде дамытып,  қолдап отыру қажет, солардың бірі проблемалық-бағдарланған оқыту немесе Problem Based Learning (PBL) болып табылады.


0
1893

пікірлер

пікір қалдыру үшін.