Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникалық комуникативті дағдыларды дамыту

Клиникалық комуникативті дағдыларды дамыту

29 Маусым 2021

2021 жылдың 21-25 маусым аралығында Қарағанды медициналық университетінде алғаш рет Webex платформасында оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Клиникалық коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша қашықтықтан оқыту курсы болып өтті. Бұл курс Семей және Қарағанды медициналық университеттерінің оқытушыларына арналып жүргізілді.

  Курста  коммуникативтік дағдыларды меңгерудегі инновациялық тәсілдемелердің тұсаукесері қамтылды, атап айтсақ: пациент-орталықтанған тәсілдемені оқыту және тиімді комплайенсті қалыптастыру, клиникалық жағдайға негізделген оқыту, коммуникативтік дағдыларды PBL нысанында клиникалық пәндерге интеграциялау, форум-театр өткізу (КеАҚ «ҚМУ» ПОҚ тобы осы әдісті медициналық білім беруге енгізуге зияткерлік меншікке ие және оны ТМД елдерінің медициналық білімінде бірінші болып ұсына алады). Медицинадағы эмоционалдық күйзеліс, медициналық қателіктер және ятрогения мәселелері талқыланды. Алғаш рет соматикалық және психикалық ауытқулары бар науқастарға мотивациялық сұхбатты студенттерге оқытудың теориялық негіздері мен модельдері егжей-тегжейлі әзірленді және ұсынылды.

  Бұл контент ҚР медициналық жоғары оқу орындарының жоғары курс білім алушыларына, жас дәрігерлерге медициналық кәсібиліктің қалыптасуына бағытталған.

  Қарағанды медициналық университетінің мамандандырылған кафедрасының жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін Семей медициналық университетінің медициналық білім беру кафедрасының әріптестері ризашылықпен қабыл алды.


0
1734

пікірлер

пікір қалдыру үшін.