Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гистологияны оқытудағы виртуалды технологиялар: Anatomage

Гистологияны оқытудағы виртуалды технологиялар: Anatomage

25 Мамыр 2021

2021 жылдың 19 сәуірі мен 21 мамыры аралығында морфология және физиология кафедрасының оқытушылары (30 адам)«Anatomage»виртуалды анатомиялық үстелінің мүмкіндіктерін зерттеді. Оқыту барысында анатомиялық үстелдің функциялары,  яғни  МРТ және КТ суреттері негізінде жасалған ерлер мен әйелдер денесінің мүшелері мен тіндері келтірілген  үш өлшемді үлгілері, динамикалық визуализация құралдары және интерактивті тестілеу функциялары, эндоскопиялық процедуралар, сондай-ақ мүшелер мен жүйелердің физиологиясы зерттелді. Оқыту бойынша "сынақты" алу үшін әрбір қатысушы жабдықты қосудан бастап тапсырманы талдау және оны бағалау аяқталғанға дейін виртуалды кейсті өз бетінше қолдануды көрсетті.

  Тыңдаушылар оқытудың ұйымдастырылуын және жаңа технологияларды жоғары бағалады, жаңа білім мен дағдыларға ие болды, өздерінің шығармашылық әлеуетін арттырды, ерекше қызығушылық тудырған патологиялары бар кейстерді зерттей алды. Семинар соңында қатысушылар анатомия, физиология және гистология пәндері бойынша оқыту бағдарламасына Anatomage мүмкіндігін интеграциялау жоспарын әзірледі.


0
1604

пікірлер

пікір қалдыру үшін.