Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Олимпиада жеңісі

Олимпиада жеңісі

01 Мамыр 2021

Сәуір айының 26-28 күндері  халықаралық қатысушылардың қатысуымен терапия бойынша II Бүкілресейлік онлайн олимпиадасы болып өтті. Олимпиаданы И.И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университеті (Санкт-Петербург, Ресей) ұйымдастырды.Бұл олимпиадағамамандықтары "Жалпы медицина" және "Педиатрия" болатын 4-6 курс аралығындағы 750-ден астам студенті, сондай-ақ ТМД елдерінің ординатор дәрігерлері қатысты.

II Бүкілресейлік олимпиада 2 кезеңнен тұрды.  Бірінші кезең Moodle платформасында 120 тест тапсырмасынан тұратын "теориялық білімді тестілеу" бойынша жүргізілді, оны 40 минут ішінде өту қажет болды. Екінші кезеңде bodyinteract виртуалды симуляторының көмегімен практикалық дағдыларды бағалау бойынша жүргізіліп, студенттер 60 минут ішінде 3 клиникалық жағдайды орындады.

  Олимпиадаға КеАҚ "ҚМУ"  6 курстың 5 студенті қатысты, атап айтсақ: Савин Никита, Селиванов Максим, Темірханов Нұрлыбек, Гущенская Марина және Крылов Андрей. Бұл студенттер ЖОО-ның түрлі Халықаралық конференцияларына, олимпиадаларына және қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын және сондай-ақ  СББТО тьюторлары ретінде волонтерлік жұмыстарын аса ыждақаттылықпен орындайтын  студенттер. Студенттерді олимпиадаға СББТО практикалық дағдылар жаттықтырушылары Тимахович Марина Владимировна мен резидентураның 2 оқу жылының резиденті Заровный Кирилл Владимировичжетекшілікетіп дайындады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 750 қатысушы арасында біздің университет студенттері рейтинг бойынша жоғары ұпаймен финалдық турға өтіп, үздік қатысушылар арасында 30 орынға жетті.

 Финалдық турдың қорытындысы бойынша Селиванов Максим 2 орын алса, ал Савин Никита "терапиядағы үздік диагностика"номинациясын жеңіп алды. Біз II Бүкілресейлік олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен студенттерімізді мақтан тұтамыз!

Біз студенттеріміздің жарқын болашағына сенеміз және олимпиада жеңімпаздарына жаңа шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Медициналық жоғары оқу орнының оқытушысы үшін ең үздік марапат - бұл өз шәкірттерінің жеткен жетістіктері мен  жеңістері болып табылады.  Олимпиадаға дайындыққа көмектескені үшін, сондай-ақ болашақ мамандықты игеру жолында қолдау көрсеткені және ынталандырғаны үшін СББТО жаттықтырушыларына алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаздар мен жүлделерді марапаттау туралы хабарлама 2021 жылдың 11 мамырынан кейін  болады.


0
1695

пікірлер

пікір қалдыру үшін.