Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Болашақ бастауы бүгіннен: Рухани жаңғыру және даму жолдары

Болашақ бастауы бүгіннен: Рухани жаңғыру және даму жолдары

16 Сәуір 2021

«ҚМУ» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығы 2021 жылдың 14 сәуірінде  онлайн форматта «Рухани жаңғыру» қоғам санасын модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Рухани жаңғыру»: ұлы бабалар және келешек Қазақстан» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға 75 адам қатысты: мемлекеттік тіл және орыс тілінде білім алушы «ҚМУ» КеАҚ 1 курс студенттері және олардың ғылыми жетекшілері. Барлық баяндамалар «ҚМУ» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығының ПОҚ жетекшілігімен дайындалды.

Конференция мақсаты – ұлттық мәдени құндылықтар мен ең озық тарихи дәстүрлерді ескере отырып, Қазақстанның біртұтас ұлттық көзқарас қалыптастыруға бағытталған қоғамдық сананы модернизациялауға байланысты өзекті мәселелерді талқылау.

Конференция президиумінің құрамына Тілдерді дамыту орталығының басшысы, профессор, ф.ғ.к. М.А Маретбаева, профессор ф.ғ.д. Ш.Ш. Жалмаханов, қауымдастырылған профессор, п.ғ.к. В.А. Бурмистрова, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Е.Р. Келлер-Дедицкая, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Д.В. Сизов, қауымдастырылған профессор, ф.ғ. к. А.Б. Куанышева, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Б.С. Каукербекова, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. О.Ф. Кучеренко кірді.

«ҚМУ» КеАҚ басшылығының атынан конференция қатысушыларына арнап әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша ректордың кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор В.Б. Молотов-Лучанский құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы модернизациялау бағдарламасы туралы баяндап, конференцияның маңыздылығын, баяндамалар тақырыптарының өзектілігін атап өтті.  

Конференция қорытындысы бойынша резолюцияда көрсетілген білім беру саласындағы жаһандық бәсекелестікке бейімделген мамандар дайындауда тәжірибелік ұсыныстар келесідей тұжырымдалды:

- қазіргі Қазақстанда мамандар дайындауда дәстүрлі және инновациялық тәсілдерге негізделген оқу құралдарын, білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістерін талдау;

- Қазақстанның білім беру жүйесі мен басқа да қоғамдық салаларда үштілділікті енгізу бағдарламасының жүзеге асырылу деңгейін бағалау;

- заманауи Қазақстанның көркеюіне ақыл-парасат бірегейлігімен үлес қосқан дарынды тұлғалардың тағлымды істеріне көрнекі шолу жасау.

Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқылды. Барлығы - 48 баяндама.

Конференция жұмысы пленарлық отырыста және үш секцияда жүзеге асырылды:

1.  Заманауи білім берудегі дәстүр және инновация.

2.  «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру: мәселелері мен келешегі.

3.  Қазіргі заман қаһармандары: ер тұлғалардың ерлік істері.

Пленарлық отырыста – 6 баяндама, 1 секцияда – 11 баяндама,2 секцияда – 12 баяндама,3 секцияда – 19 баяндама  (А секция іші – 9,Б секция іші – 10) тыңдалды.

Баяндама материалдары электрондық мақалалар жинағына енді. Баяндамашылар мен ғылыми жетекшілерге сертификаттар тапсырылды. Пленарлық отырыста баяндама жасаған студенттерге спикер дипломы берілді.

Секциялар жұмысының қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған баяндамалар  үш дәрежелі дипломмен марапатталды: I дәрежелі дипломмен –14 баяндама, II дәрежелі – 13 баяндама, III дәрежелі – 10 баяндама.

Студенттер мен ғылыми жетекшілер әр түрлі деңгейде және тақырыптағы студенттердің ғылыми конференцияларының үздіксіз өткізіліп тұруына тілек білдірді.


0
1773

пікірлер

пікір қалдыру үшін.