Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Білім беру ортасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Білім беру ортасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

04 Наурыз 2021

3 наурызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті және «Bolashaq» Академиясы мен бірлесіп ұйымдастырған білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған онлайн форматта конференция өтті.

Өзінің сәлемдесу сөзінде Департамент басшысы Денис Шакенов бүгінгі таңда Қарағанды облысының жоғары оқу орындары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп жатқандығын және академиялық адалдықты қамтамасыз ету механизмдерін белсенді түрде енгізіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, спикер Қарағанды медицина университеті тиімді комплаенс жүйесін енгізгенін аса атап өтті.

Баяндамашылар ретінде Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Гульсум Кожахметова, Қарағанды облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Санат Мусин, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Серикжан Байбосынов, Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Марат Ибатов және «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы ҚайыржанТокушев сөз сөйледі.

Қайыржан Ахметбекұлы конференцияға қатысушыларды «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі өткізген Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының сыртқы мониторингінің нәтижелерімен таныстырды. Спикер аймақтың жоғары оқу орындарының қызметін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың талаптарына сәйкестендіруге ерекше назар аударды. К. Токушев Қарағанды медицина университеті әзірлеген және енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты талаптарға сәйкес келетінін, қысқа, қарапайым және түсінікті екенін атап өтті.

  Конференция нәтижесінде облыстағы білім беру ұйымдарының қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар практикалық ұсыныстар шығарылады.

  Комплаенс-кеңсесі


0
1644

пікірлер

пікір қалдыру үшін.