Қазақстанның комплаенс-офицерлерінің екінші форумы
29 қазанда Қазақстанда комплаенсті дамыту және ілгерілету бойынша Халықаралық
онлайн-форум өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі KPMG компаниясымен, «Kazakhstan BAR Association» заң консультанттар палатасымен және «Құқықтық саясатты
зерттеу орталығы» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырды. Форум жұмысына мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялардың өкілдері,
комплаенс-офицерлер және комплаенс-қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ Ресей,
АҚШ, Израиль, Украина және Өзбекстан сарапшылары қатысты. Қарағанды медицина университетін комплаенс-офицер Урмашов Александр таныстырды.
Парламент Мәжілісінің Депутаты Гульнара Бижанова комплаенс қызметтерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұйым басшыларының «жоғарыдан тонды» қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Г.Бижанова комплаенс-офицерлердің реттеуші тәуекелдерді бақылау бойынша және әртүрлі басқару органдарынан тәуелсіз болуын қамтамасыз ету үшін құзыретін кеңейтуді қарастыруды ұсынды.
KPMG компаниясы комплаенс-қызметтердің жұмысын цифрландыру қажеттілігіне аса назар аударады.
Іс-шара барысында халықаралық сарапшылар өз елдеріндегі комплаенс-қызметтерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде комплаенстің рөлін күшейту тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстанның комплаенс-офицерлерінің бірінші форумы 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтті.
Комплаенс-кеңсесі