Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жақсы деңгейде

Жақсы деңгейде

27 Қазан 2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «NurOtan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтің 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасы негізінде және университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу жоспарын іске асыруда «NurOtan» партиясының «JasOtan» жастар қанаты және комплаенс-кеңсемен бірге университет жатақханаларында мониторинг жүргізу бастамасы орын алды.

  Жатақханаларда мониторинг жүргізу негізі білім алушыларды орналастыру процесінде бұзушылықтарды анықтау болып, тұрмыстық жағдайларын бағалау және қашықтықтан оқыту форматына қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады.

  Қарағанды облысының құрамында белсенділері бар «JasOtan» жастар қанаты Мониторинг тобымен Медицина университетінің 2 жатақханасына тексеріс жүргізді.Кампания барысында жатақханалар тексерілді, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды.

Қарағанды облыстық «NurOtan» партиясының  «JasOtan» жастар қанаты Төрағасы  ЕржанХамитовМедицина университетінің жатақханаларында өмір сүру жағдайы жақсы деңгейде екенін атап өтті. «Тәртіпті қамтамасыз ету, ғимараттарды жөндеу, қашықтықтан оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Қажетті санитарлық нормалар сақталған. Тұрғындармен кездесулер кезінде ескертулер анықталмады. Бұндай бақылаулар тұрақты негізде жүргізілетінін», - Е.Хамитов атап өтті.

  Университетте тоқсан сайын университет жатақханаларындағы тұрмыстық жағдайларды бақылау жөніндегі комиссия жұмыс жасайтынын айта кету керек.

Комплаенс-кеңсесі


0
2170

пікірлер

пікір қалдыру үшін.