Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жоғары мемлекеттік наградалар!

Жоғары мемлекеттік наградалар!

23 Шілде 2020

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның Клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасын әзірлеушілер тобының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы «Халық алғысы» төс белгісімен марапатталды.

«Қарағанды медицина университеті»  КеАҚ-ның Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қалиева Шолпан Сабатаевна «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 пандемиясымен күресу барысында  біздің профессорларымыздың адалдығы және кәсібилігін жоғары бағалады.

Салтанатты рәсім «Biz Birgemiz» жалпыұлттық форумы аясында онлайн режимде өтті.

Марапаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес денсаулық сақтау саласында жемісті жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында тағайындалған.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!


0
3256

пікірлер

пікір қалдыру үшін.