Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

18 Маусым 2020

Тұтынушылардың құқықтарын құрметтеу мен қорғаудың жүйелік шешімдерін табудың тиімді тәсілдерін жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тиімді деп санай отырып, 17 маусымда «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова және «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департементі» РММ басшысы Самат Аманжолұлы Қалиев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

  Меморандумның мәні тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру бойынша тараптардың өзара іс-қимылы болды.

  Тараптардың өзара іс-қимылы тәжірибе қолдану арқылы, ақпараттық және техникалық ресурстарды пайдалану, тұтынушылар құқығын қамтамасыз ету мен қорғаудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар мен жұмыс топтарын жоспарлау мен жүзеге асыруда ынтымақтастық бойынша өзара әдістемелік және консультативтік көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.

  Бүгінгі кунде Қарағанды медицина университеті аймақтық жоғары оқу орындарының ішінде алғашқы болып, Департаментпен осындай Меморандумға қол қойғандығы туралы атап өту керек.

  Меморандум университеттің qmu.edu.kz ресми сайтында «Комплаенс-кеңсесі» бөлімінде жарияланды.

Комплаенс-кеңсесі


0
2491

пікірлер

пікір қалдыру үшін.