Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық адалдық

Академиялық адалдық

15 Маусым 2020

12 маусымда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасының Бірінші орынбасары ОлжасАбайұлыБектеновтың төралығымен еліміздің білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті. 

Кеңес жұмысында кездесуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Мұхтарұлы Дауленов, ректорлар, комплаенс-офицерлержәнежоғары оқу орындарының жауапты тұлғалары, сонымен қатар, «Adal bilim» және «Sanaly urpaq» жобалық кеңселерінің басшылары қатысты. Қарағанды медицина университетін Басқарма Төрағасы – Ректор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова және комплаенс-офицер Александр Николаевич Урмашов ұсынды.

  Іс-шара барысында университеттердегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік саясатын дамытудың негізгі бағыттары жария етілді, адалдық пен ашықтық Стандарты және мүдделер қақтығысын анықтау мен шешудің Әдістемесі ұсынылды.

  Бұл жұмыста академиялық адалдық Лигасы ерекше рөл атқаратындығы туралы аталып өтті, оның құрамына Қарағанды медицина университеті 2018 жылдан бастап кіреді.

  Өз кезегінде алдын-алу Агенттігі департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагуль Тукенқызы Карипова және «Adal bilim» жобалық кеңсенің талдаушысы Оксана Александровна Возняк университеттердегі мүдделер қақтығысын анықтау және шешу Әдістемесі туралы нақты ашық айтып берді.

Комплаенс-кеңсесі


0
2772

пікірлер

пікір қалдыру үшін.