Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Инфекцияны басқаруды үйренеміз.

Инфекцияны басқаруды үйренеміз.

17 Сәуір 2020

15 сәуірде Қарағанды медицина университетінде бейне байланыс режимінде өткен конференция басталмас бұрын, Қытай делегациясының Қарағанды өңіріне сапары аясында  клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, профессор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы БАҚ өкілдерімен Қытайдан келген әріптестердің өз тәжірибесімен бөлісекендігі  туралы айта кетті:

- Олар Нұр-сұлтан қаласында болып, елордалық мамандармен үлкен жұмыс жүргізіп, стационарларда емделіп жатқан науқастарға кеңес берді. Қытай тәжірибесі үлкен құрметке лайық, себебі бұл елдің дәрігерлері коронавирустық инфекцияны басқару процесіне айналдыра алды. ҚХР медицина қызметкерлері бұл жағдайға  жұқтырғандарды ерте анықтау, барлық науқастарды тіркеу, ерте оқшаулау және ерте емдеуді бастау арқылы қол жеткізді. Бұл қағидалар оларға дәрігерлердің, сарапшылардың, стационарлардың пулын шоғырландыруға көмектесті және өз ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді.

   Біздің республикамызда инфекционистер, пульмонологтар, клиникалық фармакологтар, анестезиолог-реаниматологтар командасы бүкіл әлемде жүргізілген соңғы клиникалық зерттеулер деректерінің негізінде құрылған және барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын әзірледі. Осы клиникалық хаттаманы әзірлеушілер тобының жетекшісі және тәжірибелі дәрігер инфекционист ретінде Бақыт Нұрғалиқызы қытайлық  әріптестерінің барлық ұсыныстарына ерекше мән береді. Олар Қазақстандағы COVID-19-ға қатысты, соның ішінде эпидемиологиялық қадағалау бойынша барлық тәсілдердің дұрыстығын растады және хаттамаға ауыр, қиын науқастарды емдеу бойынша маңызды толықтырулар енгізуді ұсынды.

Осы аптаның ішінде  Қытай сарапшылары COVID-19 –дың алдын алу және бақылау мәселелері бойынша дәрігерлер, мейірбикелер үшін on-line тренингтер өткізеді, ауыр науқастарды емдеу тәжірибесімен, медициналық ұйымдарда инфекцияның таралуына жол бермеу шараларымен, короновирустық инфекцияны диагностикалау әдістерімен бөліседі.

Он-лайн кездесулер  барысында біздің өңіріміздегі  науқастарды емдеу бойынша кеңестер ұйымдастырылып, ұсыныстар берілетін болады. Он-лайн конференцияларға дәрігерлер мен мейірбикелер, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары қатысады.

Сонымен қатар, Қытай сарапшылары Қарағанды медицина университетінің молекулярлық-генетикалық зертханасына барады, онда жұқпалы аурулардың молекулярлық-генетикалық эпидемиологиясы, оның ішінде коронавирустық инфекцияны, мүмкін болатын індеттерді  болдырмаудың  тиімді шаралары бойынша одан әрі зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланады.


0
2537

пікірлер

пікір қалдыру үшін.