Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз салауатты болашақты таңдаймыз

Біз салауатты болашақты таңдаймыз

20 Наурыз 2020

Қазақстанда 2020 жылдан бастап адам папилломасы вирусына қарсы дүниежүзілік вакцинация күніне орайластырылған «Біз салауатты болашақ үшін» ұлттық бағдарламасы белсенді енгізілуде.

Бағдарламаның басты мақсаты АПВ-на қарсы вакцинацияға дұрыс қатынасты қалыптастыру арқылы халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, сондай-ақ обыр алды зақымданудың алдын алудың ең тиімді әдісі ретінде скринингтік тексерулерден уақтылы өту қажеттілігі туралы болып табылады.

Университет белсенділері Дүниежүзілік АПВ-на қарсы егу күнін өткізуге арналған бірқатар іс - шаралар өткізді.

Бірінші қадам оқу орнында телеэкрандарда АПВ жұқтыру қаупі туралы ҚМУ студенттері мен оқытушыларына көрнекі түрде түсіндірген бейнероликтер сериясын орналастыру болды. Бейнероликтердің сюжеттері адам папилломасының вирусы әйелдерде қатерлі онкологиялық аурулардың дамуының негізгі себебі болып табылатыны, сондай - ақ қазіргі таңда осы вирустан қорғау құралы ретінде уақтылы вакцинациялауды насихаттау туралы баяндайды.

Келесі қадам – студенттік активисттердің көмегімен ​​вирустың таралуына қарсы тұруға қоғам назарын аудару үшін «Тоқта – АПВ!» ұранымен импровизацияланған флеш-моб өткізілді.

Аймақтық ЖОО командаларының қатысуымен алдын алу шараларының қорытынды нәтижесі №4 жатақхананың спорт залында «Қазақстан студенттері -  салауатты өмір салты үшін!» ұранымен футзал турнирін өткізу болды.

Вакцинацияның не екенін білу маңызды

адам папилломасы вирусынан туындайтын инфекцияның пайда болуын ескертеді және жатыр мойны обырының даму қаупін айтарлықтай төмендетеді. Әсіресе ол АПВ жұқтырудан сақтану үшін 9- дан 25 жасқа дейінгі әйелдерге ұсынылады.

Зиянды әдеттерге өміріңізді бұзуға жол бермеңіз. Салауатты өмір салтын таңдаңыз! Есіңізде болсын: Сіздің денсаулығыңыз - сіздің қолыңызда!

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
2339

пікірлер

пікір қалдыру үшін.