Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балаларға қуаныш сыйлау

Балаларға қуаныш сыйлау

20 Наурыз 2020

Балаларға қуаныш сыйлау - үлкен бақыт! Бақыт - жаңа және қызықты нәрселерді күтетін,саған сенетін,жүректері мен жандарын махаббат, қамқорлық үшін ашатынбалалардың қуанышты көздерін көру.

"Балаларға қуаныш сыйла" жобасының ұйымдастырушылары мен қатысушылары Қарағанды қаласында даму мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің балаларына арналған қайырымдылық концертті өткізу кезінде осы мақсаттарды көздеді.

Қайырымдылық акциясын жедел медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі А. Р. Алпысова мен ассистент Е. И. Буркова ұйымдастырды және 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілді. Іс - шараға келесі  студенттер белсене қатысты: ЖМ 5-026 тобының студенттері: Батырхан А., Акимова У., Кожахмет У., Махаматдин А., Мырзабай У., Мырзағали Г., Ыбырайханова А., сондай-ақ Саттаров А. -5-019 ЖМ, Сейдехан Г.-5-024 ЖМ, Едіге Ә. - 5-027 ЖМ; Б. Шотоякова 5-047 ЖМ , 7-022 ЖМ студенттеріА. Азекенова; Д. Бекмурзаева.

Осы көктем мерекесі қарсаңында біз ертегі-концерт дайындадық, онда студенттер жануарлардың әр түрлі рөлдерін: ешкі-домбырашы, қасқыр - суретші, қызыл мысық-дәрігер, "биші қояндар" және "орамжапырақтар", сондай-ақ дәрігер Айболит және медбике мен биші әже Ягамен ойнады.

Мерекелік концерт өте тату, көңілді, үй атмосферасында өтті. Балалар үйінің балалары қиын жұмбақтар шешті, логикалық ойындар ойнады, әдемі домбыра мен қазіргі заманғы әндерді тыңдады, барлығы бірге сурет салуды үйренді, қозғалмалы ойындар ойнап, би биледі. Кафедрадан балаларға мектеп керек-жарақтары, үстел ойындары, түрлі жемістер түрінде сыйлықтар жасалды. Мереке соңында біздің студенттеріміз мерекелік дастархан жайып, кітаптар, ойындар, ал әр қызға – раушан гүлін сыйлады.

Балалар ұзақ уақыт балалармен қоштаса алмады. Бұл күні барлығы бақытты болды. Балалардың көздеріндеқуаныш сезімі байқалды!

Медицина университетінің студенттеріне адамгершілік, қайырымды жүректер үшін алғыс айтамын және олардың шығармашылық қабілеттері мен жанашырлық сезіміне ие екенін атап өткім келеді.

Біз ЖОО оқытушылары ретінде осындай студенттердің бар екенін мақтан тұтамыз!

Осы жобаға қосқан үлесі үшін ЖМ деканат қызметкерлеріне, кафедра қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Бұл "Балаларға қуаныш сыйла" көктемгі мерекелік концерті балалардың да, біздің де есімізде қалады.

Жедел медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі А. Р. Алпысова,

кафедра ассистенті Е. И. Буркова


0
2730

пікірлер

пікір қалдыру үшін.