Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Докторанттарды құттықтаймыз!

Докторанттарды құттықтаймыз!

13 Наурыз 2020

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Төрағасының 2018 жылдың 4 наурыздағы №207 бұйрығына сәйкес "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ жанындағы 6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес жұмыс жүргізуде.

2020 жылдың 27 ақпанда философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық кеңестің бірінші отырысы өтті. 

1. “Assessment of safe drinking water provision in rural areas of Karaganda region: a case study from Bukhar-Zhyrau district” (Қарағанды облысының ауылдық жерлеріндегі сапалы ауыз суға қолжетімділікті бағалау: Бұқар-Жырау ауданының мысалында) тақырыбына арналған Омарова Алуа Ораловнаның диссертациясы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ағылшын тілінде орындалды.

Пікір берушілер: 

Ферхат Караца – PhD, Назарбаев университетінің инженерлік және сандық ғылымдар мектебінің ассоциирленген профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы. 

Кеннет М. Перссон – PhD, Лунд университетінің су ресурстары дивизиясының профессоры, Лунд қ., Швеция.

Ғылыми кеңесшілер: 

Тусупова Камшат Маратовна – PhD, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының проректор-директоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы. 

Калишев Марат Гузаирович – к.м.н., «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ қоғамдық денсаулық, биомедицина және фармация мектебінің профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы. 

Ронни Берндтссон – PhD, Лунд университетінің су ресурстары дивизиясының профессоры, Лунд қ., Швеция.

2. Абдикадирова Индира Темирхановнаның «Артериалды гипертензиямен ауыратын науқастар үлгісінде ақпараттық жүйелерді пайдаланудың медициналық-ұйымдастыру тиімділігін бағалау» тақырыбындағы диссертациясы  «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті»  КеАҚ қазақ тілінде орындалды.

Пікір берушілер: 

1.Исатаева Нагима Мухамедрахимовна  – медицина ғылымдарының кандидаты, сапа менеджменті Департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан  қаласы, Қазақстан Республикасы. 

2.Кулов Дюсентай Баркенович – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, қоғамдық денсаулық, биомедицина және фармация мектебінің профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

      Ғылыми жетекшісі:

Ермуханова Людмила Сергеевна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының жетекшісі, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы. 

Шетелдік ғылыми кеңесші:

          Чукмаитов Аскар Серикович – МD, PhD, Вирджиния университетімен бірлескен Жоғары медициналық мектебі, денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру жөніндегі қауымдастырылған профессор, Америка Құрама Штаттары.

Отырыс қорытындысы бойынша Диссертациялық кеңес мүшелері докторанттар Омарова Алуа Ораловна мен Абдикадирова Индира Темирхановнаның жұмыстарын бірауыздан қолдады және оларды 6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынды. 

Докторанттарды құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

Диссертациялық кеңестің Ғалым хатшысы, PhD Даулеткалиева Ж. А. 


0
2546

пікірлер

пікір қалдыру үшін.