Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Талапкерлерді қабылдаудағы Вильнюстік тәжірибесі туралы

Талапкерлерді қабылдаудағы Вильнюстік тәжірибесі туралы

05 Наурыз 2020

Вильнюс университетімен (Литва) стратегиялық серіктестік шеңберінде 2020 жылдың 02-06 наурыз аралығында Қарағанды медицина университетіне Вильнюс университетінің сарапшылары: оқу бөлімі бойынша департамент бастығы Катерина Борткевич және студенттерді қабылдау бөлімінің бастығы Артурас Шальтис қатысуда.

Сарапшылардың сапары аясында 03-наурыз күні екі "дөңгелек үстел" өткізілді, онда Вильнюс Университетінің бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентураға талапкерлерді қабылдау бойынша тәжірибесі талқыланды.

Катерина Борткевич және Артурас Шальтис Вильнюс университетіндегі талапкерлерді қабылдау үдерісімен толық таныстырды.

"Дөңгелек үстел" жұмысына барлық мектеп декандары, академиялық жұмыс департаментінің директоры және директордың орынбасары, сонымен қатар Қарағанды медицина университетінің стратегиялық даму және сапаны басқару бөлімінің мамандары белсенді қатысты.


0
2025

пікірлер

пікір қалдыру үшін.