Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

03 Наурыз 2020

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетінің базасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қарағанды жоғары оқу орындары мен колледждері студент-қыздарының арасында Кеңес Одағының батырлары Ә.Молдағұлова мен М. Мәметованы еске алуға арналған оқ ату және Дартс бойынша жарыс өткізу жақсы дәстүрге айналды.

Жарыс жастар арасында отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу, сонымен бірге қыздар арасында оқ атуды дамыту мен дәріптеу мақсатында өткізіледі.

Биылғы жылдың 29 ақпанында Қарағанды медицина университетінің намысын Медицина мектебінің 3-курс студенттері:

-  Дербисалина Карина

-  Бедарева Марина

-  Жарылғапова Балауса

-  Абенова Арайлым

-  Имарс Екатерина

-  Сұлтанбекова Бахыт

-  Рововая Татьяна қорғады.

Біздің қыздар Дартс бойынша командалық есепте 2-орын, оқ атудан командалық есепте 3-орын, жалпы командалық есепте  жүлделі 2-орынға ие болды.

Жеке есепте Дартс бойынша 2-орынды Абенова Арайлым алды.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Грамоталармен марапатталды. Жарыс достық жағдайда, өте жоғары деңгейде өтті.

  Әскери кафедра


0
2049

пікірлер

пікір қалдыру үшін.