Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Байытылған оқу бағдарламасы

Байытылған оқу бағдарламасы

18 Ақпан 2020

Жаңа семестр басталуымен, демалыстан кейін келген интерн-педиатрлар "Педиатриядағы жедел медициналық көмек" цикліне жігерлілікпен кірісті. Циклді өту кезінде интерндер шақыртуға шығып, практикалық сабақтарға қатысып, оқытушымен өзекті тақырыптарды талдады. Сонымен қоса, симулияциялық және білім беру технологиялық орталығына барып, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Машықтану кезінде Қарағанды қаласындағы Облыстық жедел медициналық жәрдем бекетінің медицина қызметкерлері үшін "ЖРВИ. Жедел стенозды ларинготрахеит. Нейротоксикоз" тақырыбына онлайн трансляциясы арқылы дәрістер өткізілді, КХДР-да айналымдағы коронавирус ауруына аса назар аударылды. Дәріс берушілер: 7-034а топ интерндері- К. О. Габайдулина, А. Д. Тұрар; 7-028 топ интерні -Т.К.Еренгалиева .

Жедел жәрдем бригадаларымен шақыруларға жұмысын орындау кезінде интерндер белсенділік білдіргенін ерекше атап өткім келеді Циклді өту кезінде ЖМК дәрігерлері жұмысқа көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. Мысалдардың бірі 7-028 тобының интерні С. Баймағамбет.. түнгі кезекшілік кезінде көмек көрсеткені үшін 2 подстанцияның, № 24 бригадасының СМП дәрігері С. А. Пакштас алғысын білдірді. Бір түн ішінде бригада шақырулар санының көптігіне байланысты ол тапжылмай еңбек етті.

Өз тарапыннан, 7-034а, 7-028 топ интерн педиатрлары жедел медициналық көмек кафедрасына бай, қызықты оқу үдерісін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді және өз білімі мен дағдыларын жүзеге асырғанына өте қанағаттандырды.

Жедел медициналық көмек кафедрасы

7-034а, 7-028 топ интерндері


0
2098

пікірлер

пікір қалдыру үшін.