Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Еріктілер жылы

Еріктілер жылы

06 Ақпан 2020

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстанда  Еріктілер жылы деп жариялады. Мемлекет басшысының бұл бастамасы елдегі еріктілікті дамыту үшін жаңа серпін беруге арналған және еріктілік қызметі үшін қолайлы орта құру болып табылады.

Еріктілер жылы – «Біз – біргеміз» ұранымен өтеді. 2020 жылғы барлық еріктілер жобалары 7 бағытқа бөлінеді:

 I.«Сабақтастық» -  балалар үйінің балаларына қамқорлық жасау.

 II.«Саулық»  -  медициналық еріктілік, науқастарды күтуге көмек көрсету.

         III.«Таза әлем»  –  қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштарды отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету.

         IV.«Асыл Мұра» - еріктілерді біздің халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға тарту.

 V. «Қамқор» - қарттар үйлеріндегі еріктілер жұмысы.

         VI. «Білім»  –  ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларына еріктілік көмек көрсету.

         VII. «Үміт» - Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында біздің отандастарымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздеу.

Жыл сайын жүздеген миллион адам елін дамытуға өз үлестерін қосу үшін өзінің шеберліктерін, білімін және бос уақытын арнайды.

Еріктілер жылының құрметіне «Next Generation Volunteers» ҚМУ еріктілер ұйымының қатысушылары жоспарланған барлық бағыттарды қамтитын 14 авторлық жобаны іске асыруға дайындады. Біздің еріктілердің 2020 жылға арналған жоспарында: балалар үйлері мен қарттар үйлеріндегі көмек  жұмыстары, түрлі эко-шаралар, атаулы көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциялары және т.б.

Осы жағдайды пайдалана отырып, жоба үйлестірушісі 4-001 Фарм. Тобының студенті  Рүстемов Темірхан  (ұялы тел. 8-747-764-25-04)  барлық ниет білдірушілерді жаңа еріктілер болуға шақырады:

«Біз жауапты, креативті, еңбекқор және жанжалсыз адамдарды үлкен және мейірімді еріктілер отбасының мүшесі болуға шақырамыз. Бізге белсенді, қамқор және жігерлі адамдар қажет. Ерікті ретінде сіз өзіңіздің өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге, өзіңізді өзгертуге және басқаларға өзгеруге көмектесуге, оларды өз үлгіңізбен шабыттандыруға нақты мүмкіндігіңіз болады. «Еріктілер болып туылмайды - еріктілерге айналады!».

          Қорытындылай келе, еріктілердің қозғалысына қатысуының арқасында адамдарда өз елінің болашағына, өз болашағына және басқа адамдардың болашағына тікелей ықпал ету мүмкіндігі пайда болады.

                      Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
2221

пікірлер

пікір қалдыру үшін.