Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Еріктілер құтқаруға асығады

Еріктілер құтқаруға асығады

30 Қаңтар 2020

Қарағандыда жауған қалың қардан кейін көптеген қарт адамдарға көмек керек болды. Біздің университеттің еріктілері жалғыз басты зейнеткерлердің аулаларын тазартуға көмектесті. Белсенділер Сәтпаев, Пригородная көшелері мен Н. Назарбаев даңғылы бойындағы аумақтарды тазалады.

Студенттік еріктілік жаңа деңгейге көтерілуде, бұл жұмыстың жүйелік көрсеткішін атап өтуге болады. Әсіресе, «Самұрық»  студенттік республикасы мен  ерікті студент жасағы белсенді қатысқаны қуантады: егер бұған дейін «Next Generation Volunteers» еріктілер ұйымының мүшелері ғана акцияларға белсенді қатысқан болса, қазір студенттік бірлестіктерінен еріктілер отряды құрылуда. Бұл студенттердің белсенділігін және студенттік рух пен университет дәстүрлерінің құндылықтарын қалыптастыруын көрсетеді.

Бізде осындай қайырымды және қамқор студенттердің бар екендігі қуантады.


0
2046

пікірлер

пікір қалдыру үшін.