Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ерекше Жаңа жыл

Ерекше Жаңа жыл

16 Қаңтар 2020

2019 жылдың 28 желтоқсанында медицина мектебінің қызметкерлері мен студенттері ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қайырымдылық Жаңа жылдық іс-шарасын өткізді.

Іс – шараға 50 ден астам балалар және ата – аналар қатысты.

Іс-шара «Rina.kz» еріктілер қозғалысының қатысуымен өтті, оның өкілдерінің бірі - медицина мектебінің академиялық жұмыс бойынша декан орынбасары Е.О. Полякова.

Аяз ата Ақшақармен кездесу Жаңа жыл қарсаңында сиқырлы атмосфералық кеш сыйлады,  ерекше балаларға қуанышты, жағымды эмоциялармен және жаңа жылдық қойылымды тамашаланды. Еріктілер қозғалысының аниматорлары балаларды орман тұрғындарының қатысуымен нағыз ертегіге баулды. Балалардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық іс-шара медицина мектебінің студенттері - Ақантай Шыңғыс (7029 топ) және Әді Жандостың (1004-топ) көмегінсіз мүмкін болмас еді. Олардың арқасында мерекеде нағыз жаңа жылдық атмосфера орнады.

Мереке соңында ата-аналар іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға балаларға зейін қойып, көңіл бөлгені үшін үлкен алғысын білдірді.

Керемет, мерекелік және сиқырлы сезім балалардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталады деп сенеміз.


0
2237

пікірлер

пікір қалдыру үшін.