Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Запастағы лейтенанттарға погондарды тапсыру – әскери кафедраның жаңа дәстүрі

Запастағы лейтенанттарға погондарды тапсыру – әскери кафедраның жаңа дәстүрі

30 Желтоқсан 2019

2019 жылдың 14 желтоқсанында Қарағанды медицина университеті әскери кафедрасының түлектеріне, яғни запастағы жас лейтенанттарға погондарды тапсыру салтанаты болып өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.

Погондарды тапсыру салтанатты жағдайда, әскери кафедраның туын әкелумен басталды. Көптен күткен погондарын биылғы жылы әскери кафедраның 171 түлегі, оның ішінде 89 запастағы медицина қызметінің лейтананты және 82 запастағы лейтенанты алды.

Әскери кафедра құрылғаннан бастап, осы күнге дейін 22 мыңнан астам түлек бітірді. 

Әскери кафедраның меңгерушісі, запастағы полковник Жиенбаев Бауржан Акимжанұлы Басқарма төрағасы – университет ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызының әскери кафедраның жеке құрамына алғыс жариялау туралы мерекелік бұйрығын оқыды. Содан кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қазандағы № 45-дк бұйрығына сәйкес, запастағы жас лейтенанттарға иық белгілері – погондар табысталды, олардың арасында Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің бас маманы Саматов Темирлан Қуатбекұлы болды.

Аталған погондарды алу үшін студенттер екі жыл бойы әскери дайындықтың теориясын оқып, бір айлық оқу-жаттығу жиындарын өтіп, тиесілі бітіру емтихандарын тапсырды.

Ауған соғысының ардагері, «КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға қызметі үшін» III дәрежелі орденінің кавалері, әскери кафедраның аға оқытушысы, медицина қызметінің отставкадағы полковнигі Балтынов Ғабдулла Зайданұлы құттықтау сөз сөйледі.

Салтанаттың ресми бөлімі әдеттегідей фотосессиямен аяқталды.

Бұдан былай запастағы лейтенанттарға погондарды салтанатты түрде тапсыру біздің әскери кафедраның дәстүріне айналатын болады.

 Офицерлік шеннің болуы түлектерге, егер қаласа, Қарулы Күштерде келісім-шарт жасасуға, сонымен қатар азаматтық кәсіпорындарда жұмысқа орналасуға көбірек мүмкіндіктер береді.

Әскери кафедраның әр түлегін «Запастағы лейтенант» әскери атағын алуларымен құттықтаймыз!


0
2692

пікірлер

пікір қалдыру үшін.