Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа жылға жаңа жеңістіктермен!!!

Жаңа жылға жаңа жеңістіктермен!!!

27 Желтоқсан 2019

2019 жылдың 25 желтоқсанында «Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ-да Басқарма Төрағасы-Ректор, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетованың қоғаммен есеп беру кездесуі өтті. Оған тәуелсіз директор, «Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ-ның Директорлар кеңесінің өкілі Б.В. Зорин қатысты. Модератор ретінде «Қарағанды ​​медицина университетінің Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Д.Е. Третьяк болды.

Отырыста профессорлық-оқытушылық құрамының рейтингтік бағалау нәтижелері жарияланды. «Үздік теориялық кафедра» номинациясы бойынша бірінші орынды биология кафедрасы иеленді; «Үздік клиникалық кафедра» номинациясы бойынша - №1 ішкі аурулар кафедрасы бірінші орынға ие болды.

«Үздік профессор» номинациясы бойынша - биология кафедрасының меңгерушісі - Рахимова Бибігүл Бағдатқызы;

«Үздік доцент» номинациясы бойынша - биология кафедрасының доценті - Есильбаева Баян Турдалиевна;

«Үздік профессор ассистенті» номинациясы бойынша - биология кафедрасының доценті - Татина Елена Степановна;

«Үздік оқытушы» номинациясы бойынша - информатика және биостатистика кафедрасының оқытушысы Мергенбекова Әсел Нөгербекқызы;

«Үздік ассистент» номинациясы бойынша - неврология, психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті - Семенихина Полина Сергеевна; «Үздік ассистент стажер» номинациясында - отбасылық медицина кафедрасының ассистент тағылымгері Колтунова Екатерина марапатталды.

Барлық жеңімпаздар бір реттік ақшалай сыйлықпен марапатталады. Қарағанды ​​медицина университеті Басқарма Төрағасы - Ректорының есеп беру кездесуі жылы, іскерлік және мерекелік жағдайда өтті.





0
2860

пікірлер

пікір қалдыру үшін.