Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АҚШ профессоры халықаралық бағдарламаға қатысуға үміткерлерді дайындауда

АҚШ профессоры халықаралық бағдарламаға қатысуға үміткерлерді дайындауда

19 Желтоқсан 2019

2019 жылдың 22-29 қараша аралығында Қарағанды медицина университетінің қоғамдық денсаулық, биомедицина және фармация мектебінде Fulbright Specialist бағдарламасы аясында Орталық Мичиган университетінің (АҚШ) қауымдастырылған профессоры Nailya DeLellis жұмыс жүргізді.

Дж. Вильям Фулбрайттың бағдарламасы 1946 жылы Америка халқы мен әлемнің түрлі елдерінен келген адамдар арасындағы өзара келісімді ілгерілету үшін құрылды. Бүгін, Фулбрайт бағдарламасы әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі. Осы бағдарламаның жүздеген түлектері бүкіл әлем бойынша саясатта, білім беру саласында, журналистикада және жеке секторда жоғары қызмет атқарады. Әлемнің он бір елінен келген Фулбрайт бағдарламасының отыз тоғыз түлегі Нобель сыйлығының лауреаттары болып табылады (Муххамед Юнус пен Милтон Фридманды қоса алғанда). Бағдарламаның он сегіз түлегі үкіметті басқарды немесе жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарды (Бразилияның бұрынғы президенті Кардосо және Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карлссонды қоса алғанда). Бағдарлама түлегі Фулбрайт Бутрос Гали БҰҰ Бас хатшысы қызметін атқарды.

  Фулбрайт бағдарламасы бойынша гранттар ашық конкурс негізінде беріледі. Бұл ең лайықты үміткерлерді адал іріктеуге және осы бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге, атап айтқанда, қабылдаушы ғана емес, сонымен қатар туған елінің қоғамдастықтары үшін үлес қосу арқылы өзара түсіністік пен өзара тиімділікке қол жеткізуге ықпал етеді.

"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша Мичиган университетінің оқу бағдарламаларын талдау тәжірибесі, осы мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге қойылатын талаптар сияқты тақырыптар бойынша Nailya DeLellis Қоғамдық денсаулық, биомедицина және фармация мектебінің студенттері мен оқытушыларына дәрістер оқыды.

Сондай-ақ, зерттеу мектебінің докторантурасының білім алушылары үшін дәрістер оқылды, нақты айтқанда, американдық университеттерде докторлық жұмыстардың қалай құрылатыны, диссертациялардың қандай нұсқалары бар екені туралы айтылды. Дәріскер ағылшын тілінде ақпарат іздеу және статистикалық талдау жинау, таңдалған ғылыми тақырыптар мен Зерттеу дизайны және басқа да көптеген мәселелер бойынша ұсыныстар берді.


0
2865

пікірлер

пікір қалдыру үшін.