Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздіктің 28 жылдығы

Тәуелсіздіктің 28 жылдығы

19 Желтоқсан 2019

12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекелерінің бірі - Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты жиын және концерт өтті.

Тәуелсіздік күні - бұл ерекше мереке. Жиырма сегіз жыл бұрын әлем картасында Қазақстан Республикасы атауы пайда болды. Бұл - бүкіл ұрпақтың ерлігі.

Жиналыста «Замандас–2018» сыйлығының және Қарағанды қаласы әкімінің «Дарын-2018» жастар сыйлығының «Жылдың жас көшбасшысы» номинациясы бойынша лауреаты, комплаенс-офицер Урмашов Александр Николаевич баяндама оқып, сөз сөйледі. Өз сөзінде ол көпұлтты мемлекеттің қалыптасуында жүзден астам ұлт өкілдері тұратын елде бейбітшілік пен келісімді сақтауда жас ұрпақтың маңыздылығын атап өтті.

Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – жаңа Қазақстанның негізі!

Университет қызметкерлерін марапаттаудың салтанатты рәсімін стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы ашты.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды:

1. Абатов Нуркаси Төлепбергенович, хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры;

2. Абикеева Рымкул Идрисовна, кәсіби денсаулық клиникасының эпидемиолог дәрігері;

3. Волчанская Светлана Ивановна, кәсіби денсаулық клиникасының пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің меңгерушісі;

4. Калина Айнұр Серікқызы, стоматологиялық клиникасының бас дәрігері;

5. Кубжесарова Лязат Тохтаровна, балалар стоматологиялық клиникасының стоматолог дәрігері;

6. Темірбаев Аманжол Алданович, медицина университет клиникасының торакалды хирургі дәрігері.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды:

1. Азизова Зарият Тайфудиновна, медицина университеті клиникасының анестезиология, реанимация және трансфузиология бөлімінің меңгерушісі;

2. Айсанов Бауыржан Тезекбаевич, анестезиология және реанимация кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

3. Газизова Бахытгуль Рымхановна, кәсіби денсаулық клиникасының кәсіби терапия бөлімшесінің постылық мейірбикесі;

4. Жакаева Раушан Сеитовна, балалар стоматологиялық клиникасының стоматолог дәрігері;

5. Серикова Дария Кокашовна, медицина университеті клиникасының оториноларинголог дәрігері;

6. Токубаева Майгуль Куанышевна, стоматология мектебінің ғылым және интернационалдандыру бойынша деканның орынбасары.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды:

1. Сирота Валентина Брониславовна, онкология және сәулелік диагностика кафедрасының профессоры;

2. Сраубаев Ермек Нығметұлы, қоғамдық денсаулық, биомедицина және фармация мектебінің еңбек сіңірген профессоры.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

1. Божбанова Лаззат Нурпапаевна, кәсіби денсаулық клиникасы үйлестіру-талдау бөлімінің медициналық статистигі;

2. Валиева Татьяна Геннадьевна, стоматологиялық клиниканың статистигі;

3. Искакова Динара Алтаевна, медицина университеті клиникасының бухгалтері;

4. Кусаева Гульнар Мукашевна, кәсіптік денсаулық клиникасының жалпы практика дәрігері;

5. Никитин Андрей Владимирович, стоматологиялық клиникасының стоматолог дәрігері;

6. Сулейменова Айдана Мұратқызы, медицина университеті клиникасы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

7. Хасенов Жасулан Дәлелбекұлы, медицина университеті клиникасының хирургиялық блок меңгерушісі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатын алды:

1. Айдарханова Алмагүл Жанбурбайқызы, кәсіптік денсаулық клиникасының зертханалық диагностика блогының фельдшер-лаборанты;

2. Жиенбаева Мейрамгул Жайлаубайқызы, кәсіптік денсаулық клиникасы кәсіптік неврология бөлімшесінің постылық мейірбикесі;

3. Ибраева Толқын Зайкеновна, медицина университеті клиникасы хирургиялық блогының аға мейірбикесі;

4. Погуляева Валентина Максимовна, университет клиникасы терапевтік блогының аға медбикесі;

5. Прейс Татьяна Викторовна, университет клиникасының операциялық блогының аға мейірбикесі;

6. Серғазина Гүлжанат Сәкенқызы, стоматологиялық клиниканың рентген-зертханашысы.

2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 410 бұйрығымен Басқарма Төрағасы - Ректор Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай университеттің жетпіс үш (73) қызметкеріне алғыс жариялады.

Салтанатты марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасты. «Жыр жаухар» поэзиялық клубының қатысушылары өз шығармаларының әсерлі өлеңдерін оқыды.

Домбыра оркестрі тағы да өз өнерлерімен қуантты. «Қаракөз» және «Golden Step» би ұжымдары жаңа композициялар дайындады.

Тулеев Айдар, «Жігіттер» квартеті, Ералиева Дананың орындаған әндері әрбір көрерменнің жан дүниесіне ерекше әсер етті.

Концерттік бағдарламаның барлық қатысушылары орындаған «Көк тудың желбірегені» атты соңғы әні мерекенің қорытынды аккордына айналды.


0
2659

пікірлер

пікір қалдыру үшін.