Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кітапхана жаңа кітаптарды ұсынады

Кітапхана жаңа кітаптарды ұсынады

12 Желтоқсан 2019

6 желтоқсанда медицина университетінің кітапханасы "Рухани жаңғыру"мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында алынған жаңа кітаптарға студенттерге, оқытушыларға және барлық қызметкерлерге ақпараттық шолу және мазмұнды презентация ұсынды.

«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласынан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерін қайталаған жөн: «Әрбір қазақстандық білім болашақтағы табыстың маңызды факторы екенін түсінуі керек. Жастардың басымдықтары жүйесінде білім бірінші орында тұруы керек».

«Егер құндылық жүйесінде білім басты құндылық болса, онда ұлт жетістікке жетеді». - Бұл сөздер жастардың санасын дамытуға және білімнің маңыздылығын түсінуге ынталандырады.

Студенттер мен қызметкерлер презентацияны үлкен қызығушылықпен тамашалады, көрмеде ұсынылған жаңа кітаптармен және шолумен танысты.Әлемдік классика авторларының 9 кітабы, оның ішінде тыңдаушылар орыс тілінде оқыған, енді қазақ тіліне немесе керісінше аударылған басылымдарды қуана көрді.Мысалы, "Кәсіпкерлік: теория, процесс, тәжірибе" кітабы көптеген оқырмандарға белгілі, өйткені біз оны қазақ тілінде алдық. 25 жылдан астам теория мен практикадан тұратын бұл еңбек кәсіпкерлік саласында көшбасшылықтан кем түспейді.

Жаңа кітаптар әлемдік классиканың бестселлері бола отырып, әдемі және сапалы безендірілген, оңай оқылып, қабылданады. Гуманитарлық бағыттардың барлық спектрін қамти отырып, ғылым мен тәжірибенің барлық салалары бойынша теориялық және практикалық білім береді.Тек зерттеуші-мамандарға, ғалымдарға, студенттер мен білім алушыларға ғана емес, сондай-ақ ғылымның әр түрлі салалары бойынша білім алуға және ой-өрісін кеңейтуге ниет білдірген барлық білімпаздарға да арналған.


0
1966

пікірлер

пікір қалдыру үшін.