Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Танымдық сабақ

Танымдық сабақ

12 Желтоқсан 2019

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қарағанды медицина университетінің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Н.А Мейрамованың және тағылымгер-оқытушы А.Т Бакированың ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» мамандығының 2004, 2012, 2020 топ студенттері арасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында «Н.Ә.Назарбаевтің өмірбаяны», «Әсем қала Нұр-Сұлтан», «Рухани жаңғыру бағдарламасы», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және «Қазақстанның қасиетті жерлері» атты тақырыптарға баяндамалар оқылып, талқыланды. Сабаққа осы кафедраның ассистент-профессоры А.Б Долгополов. қонақ ретінде келіп, «Қазақстанның қасиетті жерлері» тақырыбына бейне баян көрсетті. Студенттер қауымы үлкен қызығушылық танытып, белсенді араласып отырды. Бұл отырыс өз деңгейінде өтті деп есептейміз.   

 Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Н.А Мейрамова,

тағылымгер-оқытушы: А.Т Бакирова,

2020 ЖМ студенттері:А. Маметова, З. Жасұланова.


0
2259

пікірлер

пікір қалдыру үшін.