Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздік жолында

Тәуелсіздік жолында

10 Желтоқсан 2019

Қарағанды медицина университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында «Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Қазіргі Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушылары Алиева Меруерт Төлеуханқызы және Абдрахманова Камшат Жақсылыққызы жүргізді. Іс-шараға «Фармация», «Мейірбике ісі», «Фармациялық өндірістік технология» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты. Студенттер тәуелсіз Қазақстанның медицинасын, сыртқы саясатын, спортын, мәдениетін дамыту бойынша слайд-презентациялар ұсынды.

  Ұсынылған ақпараттық материалдардың арқасында біз тәуелсіздік алған сәттен бастап республикада болып жатқан жетістіктермен жан-жақты таныстық. Өткен 28 жылда Қазақстан өз шекарасын бекіткен дербес зайырлы мемлекет болды. Республикамыздың жетістіктерінің басты еңбегі еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі.

Сағымбекова Назерке, «Фармация» мамандығының 1 курс студенті, Кабдешова Айым, «Мейірбике ісі» мамандығының 1 курс студенті.


0
2148

пікірлер

пікір қалдыру үшін.