Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№ 25,51 ЖОББМ -нің түлектерімен шет тілдер кафедрасы оқытушыларының кәсіби бағдар беру жұмысы.

№ 25,51 ЖОББМ -нің түлектерімен шет тілдер кафедрасы оқытушыларының кәсіби бағдар беру жұмысы.

10 Желтоқсан 2019

2019 жылдың 9 және 10 желтоқсанында шет тілдер кафедрасының оқытушысы В.А.Бурмистрова № 25 және 51 ЖОББМ-нің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Оқушыларға университет құрылымы, факультеттері мен мамандықтары, кафедраның оқу-материалдық қорлары, ҚМУ студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру туралы толық ақпарат ұсынылды. Университеттің құрылу тарихымен және жоғары білікті мамандарды даярлаудағы жетістіктерімен таныстыру мақсатында, ҚМУ-дың 65-жылдығына орай бейнефильмі көрсетілді. Әңгімелесу барысында даярлаудың бағыты, университетке түсу және құжаттарды тапсыру туралы кеңестер берілді, ҚМУ жайлы үлестірме материалдары таратылды. Оқушылар өздеріне қызықты сұрақтарды қойды, оқу үрдісінің ұйымдастрылуы және студенттік өмір жайлы, олардың қойылған  сұрақтарына толық жауап берілді.

Кездесу соңында жоғарыда аталған мектептердің әкімшілігі алдағы уақыттағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін атап өтті.

Студенттерді жүйелі түрде ҚМУ туралы ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету, сонымен қатар болашақ талапкерлерді студенттік шараларға қатысуға тарту шет тілдері кафедрасының жоспарына енгізілген.


0
1979

пікірлер

пікір қалдыру үшін.