Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқушыларға медицина туралы

Оқушыларға медицина туралы

09 Желтоқсан 2019

Кәсіби-бағдарлау жұмысының басты міндеті бітірушінің кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындығын қалыптастыру, кәсіби қызметке қосылғанда өзін толық көлемде жүзеге асыра алатын тұлғаның ішкі ресурстарын жандандыру болып табылады.

2019 жылы 25 қарашада клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының оқытушылары (Т. Л. Николаева, Т. В. Ким) "Жалпы медицина" мамандығының 2-030 топ студенттерін (Ж. Жакажанова, К. Ижронова, К. Лукашева, А. Неғметолла) қатыстыра отырып, Қарағанды қаласының № 97 гимназиясының 11 сынып (31 адам) оқушылары арасында кәсіптік-бағдар беру жұмысын өткізді.

Оқушыларға медициналық университеттің мамандықтары мен дайындық бағыттары туралы ақпаратты қамтитын слайд-презентация көрсетілді. Оқытушылар оқушыларды жоғары оқу орнының тарихы мен қызметімен, оның жетістіктерімен таныстырды. Студенттер өз әсерлерімен бөлісті.

Түлектер арасында "Фармакология әлеміне саяхат" тақырыбы бойынша шағын-викторина өткізілді, онда балалар жақсы білім көрсетті.

Кездесу барысында екі түлек Қарағанды медицина университетіне "Фармация" және "Жалпы медицина"мамандықтары бойынша оқуға түскісі келетіндерін айтты.

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы


0
2068

пікірлер

пікір қалдыру үшін.