Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Рухани Жаңғыру кеңістігін кеңейтуде

Рухани Жаңғыру кеңістігін кеңейтуде

29 Қараша 2019

2019 жылы 29 қараша күні шет тілдер кафедрасы «Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жоғары оқу орындарының қатысуымен «100 жаңа Қазақстан оқулықтары» жобасына арналған «Жаңғыру жолы» атты көптілді интерактивті семинар өткізді. Семинарға жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары (ҚарМТУ, «Болашақ» академиясы ЖМ, ҚҚЭУ, «ҚМУ» КеАҚ қатысты. Семинар студенттерді «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жобасымен таныстыру, сондай-ақ жас ұрпақты жалпы әлемдік интеллектуалдық құндылықтарға тарту мақсатымен өткізілді.

«Қазақстанның 100 жаңа оқулықтары» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» атты кітабында қамтылған: «Darknet», «Интернетсіз әлем», «Интернетке тәуелділік» тақырыптарына шағын жобалар дайындады. Отырысқа қатысушылар келесі мәселелерді белсенді талқылады: интернет-тәуелділіктен қалай аулақ болуға болады, әлеуметтік желілерде мінез-құлықтың қандай нормаларын сақтау керек, интернет-қауымдастықта гендерлік проблемалардың таралуына қандай себептер бар: «Қазіргі әлемде ғаламторсыз өмір сүруге болады ма?,  «Ғаламтордың  қараңғы жағынан құтылу мүмкін бе».  Отырыс барысында «Болашақ» Академиясының ЖМ-нің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Р. Т. Диянова ғаламтордағы өмір мен шынайы өмір арасындағы шектерді ажыратудың маңызды екенін айтып өтті. Студенттер маманның интернетке деген тәуелділіктің алдын алу туралы ұсыныстарын тыңдады.

Семинар соңында шет тілдер кафедрасының меңгерушісі – п. ғ. к., ассоцирленген профессор В. А. Бурмистрова «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы мен  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»  жобасы білім саласы үшін айтарлықтай маңызды екенін атап, семинарға қатысушыларды сертификаттармен марапаттады.


0
2089

пікірлер

пікір қалдыру үшін.