Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тұңғыш президент туралы дәріс

Тұңғыш президент туралы дәріс

26 Қараша 2019

Орыс тілі кафедрасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "ҚР Тұңғыш Президенті"тақырыбында дәріс өтті.  Тыңдаушылар болып, қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығының бірінші курс студенттері және жалпы медицина факультетінің 1-011, 1-012  топтарының студенттері қатысты.  Дәріскерлер ретінде жалпы медицина факультеті 1-012 тобының студенттері Ерік Хайм мен Сабина Сәбитова сөз алды. Олар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы айтып берді және дәрістерін  Президент туралы фильмдер үзінділерімен  және презентациялармен толықтырып отырды.

Студенттер тек пассивті тыңдаушылар болмай,  Елбасының өмірі мен қызметі туралы интерактивті викторинаға белсене қатысып отырды. Студенттер ҚР Тұңғыш Президентінің өмірбаяны және ол туралы көркем және деректі фильмдерді  жақсы  білітіндерін көрсетті.


0
1957

пікірлер

пікір қалдыру үшін.