Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Педиатриядағы емдік тамақтану туралы

Педиатриядағы емдік тамақтану туралы

22 Қараша 2019

2019 жылдың 28 қазаны мен 8 қарашасы аралығында «Қоғамдық денсаулық, биомедицина және фармация» мектебінің қауымдастырылған профессоры Амреева Кымбат Ералиевна «Астана медицина университеті» профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының базасында академиялық ұтқырлықты өтті.

Іс-сапар барысында "Жалпы медицина" мамандығының 4 курс студенттері үшін "Педиатрияда тағаммен емдеу" пәнінің өзекті тақырыптары бойынша 2 кредит (90 сағат) көлемінде дәрістер оқылды және практикалық сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар, Қарағанды медициналық университетінде қолданылатын оқытудың инновациялық технологияларын енгізу және студенттердің практикалық дағдыларын бағалау тәжірибесімен алмасу жүргізілді.

Сонымен қатар, К. Е. Амреева профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының әдістемелік материалдарын талқылауға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.


0
2236

пікірлер

пікір қалдыру үшін.