Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
IV Халықаралық ғылыми форум"Денсаулық сақтаудағы инновация"

IV Халықаралық ғылыми форум"Денсаулық сақтаудағы инновация"

22 Қараша 2019

2019 жылғы 7-8 қараша күндері  Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық қызметінің 90 жылдық мерей тойына арналған IV Халықаралық ғылыми форум"Денсаулық сақтаудағы инновация" өтті. Бұл қызмет 1929 жылы бастау алып және Қазақстанның барлық денсаулық сақтау жүйесімен тығыз байланысты. ҚР Ұлттық Ғылым академиясында өткен конференцияның салтанатты ашылуында Алматы қаласының әкімі Б. Ә. Сағынтаев, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, қоғам атынан белгілі жазушы және саяси қайраткер ақын Олжас Сүлейменов және халықаралық делегациялардың өкілдері сөз сөйледі.

Ғылыми форумда Ресей, АҚШ, Швейцария, Израиль, Қырғыз Республикасы, Нидерланд, Тәжікстан, Жапония, Корея, Үндістан, Түркия, Люксембург, Германия және Қазақстан Республикасынан көптеген клиника-диагностикалық бағыттар бойынша мамандар сөз сөйледі.

Шетел және отандық жетекші дәрігерлер медицинаға инновациялық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері, болашақтағы қол жетімді медицина, трендтер мен перспективалар, дербестендірілген медицина, аса қызығушылықты туындатқан Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының  роботталған хирургияны енгізу ерекше қызығушылыққа ие болды.

Қазақстан Республикасы. Конференция бағдарламасы дәстүрлі түрде бірнеше секциялармен, пленарлық отырыстармен, көрмелермен, сондай-ақ флешмобтармен ұсынылды.

1-ші секцияда "Күрделі науқас: клиникалық  нұсқаулардан нақты клиникалық тәжірбиеге" медицина ғылымдарының докторы, профессор М. М. Түсіпбекова "Өкпенің интерстициальді ауруларының сирек түрлерінің морфологиялық баламасы" тақырыбында баяндама жасады.»,ол Қарағанды медициналық университеті КЕАҚ-мен ынтымақтастықтың көпжылдық жұмысының нәтижесі болып табылатын "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы" медициналық орталығының клиникасының  м.ғ. д., бас терапевті Р. А. Бакенова және PhD докторант Л. М. Стабаеваның жетекшілігімен  жасады.

Конференция барысында алыс және жақын шетел мамандары арасындағы өзара байланысты нығайтатын және өзара тиімді ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының медицинасын дамытудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін талқылауға назар аударылды.


0
1896

пікірлер

пікір қалдыру үшін.