Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мобильді кеңес беру

Мобильді кеңес беру

29 Қазан 2019

17-18 қазанда «Medıtsınanyń bolashaǵy» жалпы университеттік науқаны аясында мобильді топтардың жұмысы комплаенс-кеңсесі жастармен жұмыс жөніндегі бөліммен, студенттерді қолдау қызметі және «Самұрық» Студенттік республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды. Кеңесшілер университеттің ішкі құжаттарына түсініктеме берді, сонымен қатар студенттің сыбайлас жемқорлық жағдайлары туындаған кездегі негізгі іс-әрекеттері жайлы айтылды. 

Науқан онлайн режимінде өтеді және айына бір рет мобильді топтар студенттердің әлеуметтік жағдайын талдау арқылы бағалау үшін білім алушылардың әлеуметтік жағдайын және білім беру жағдайларын жақсарту бойынша идеялар мен ұсыныстар жинау арқылы жұмыс істейді. Науқан өте қарапайым – QR кодын сканерлеу немесе сілтемені басу арқылы кез-келген адам өзінің ұсынған мәселесін шешетін өз ұсынысы мен идеясын қалдыра алады. Сонымен қатар, науқанға қатысушылар студенттердің сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейіне баға беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша өз ұсыныстарын бере алды.

2 күндік мобильді топтардың жұмысы бойынша 200-ден астам өтініштер мен ұсыныстар келіп түсті. Мобильді топтардың жұмысы барысында жиналған мәліметтер талданып, университет Басқармасына ұсынылады.

  Науқан оқу жылы бойына жалғасады.

Комплаенс-кеңсе


0
2067

пікірлер

пікір қалдыру үшін.