Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттерге кәсіпкерлік туралы

Студенттерге кәсіпкерлік туралы

17 Қазан 2019

ҚР Президентінің жолдауына сәйкес басты міндеттерінің бірі  бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен ұлғайту мақсатында Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы іске асыру болып табылады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бастамасымен жоғары оқу орындарының, соның ішінде Қарағанды медицина университетінің студенттері үшін «Кәсіпкерлік негізі» (36 сағат көлемінде) курсы қосымша сабақ ретінде жүргізіліп отыр.

Курсты өткізу мақсаты студенттердің заманауи нарық жағдайында отандық және шетел тәжірибесін есепке ала отырып, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, менеджмент, маркетинг, қаржы, стартап жобаларын бизнес-модельдеу бойынша негізгі білімдерін алуы болып табылады.

Қарағанды медицина университетінің химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтарының 3-4 курс студенттерінде (77 тыңдаушы) бұл күндері кезекті сабақ өтті. Кафедра оқытушысы Е.А.Тулебаевпен жүргізілген сабақ аясында, «Атамекен» ҰКП өкілдігімен бірге «қонақ дәрісі» ұйымдастырылды. Қонақ-спикері ретінде сертификатталған тренер, 20 жылдық өтілі бар кәсіпкер, «Инстаны дамыту», «Жас блогер», «Мен бренд», «Бизнестегі стиль», «Жанжалтану» және «Сервис плюс» курстарының авторы және жүргізушісі Юлиана Тен шақырылды. Ол өзінің кәсіпкерлік саласындағы тәжірибесімен студенттермен бөлісті, маркетинг, тұтынушыларды еліктіру және ұстап қалу бойынша сату техникаларын, сонымен қоса заманауи ақпараттық платформаларды өзінің кәсіби қызметінде қолдану туралы мәселелерді студенттермен талқылады.


0
2312

пікірлер

пікір қалдыру үшін.