Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Аллергология-иммунологиядағы жетістіктер мен перспективалар

Аллергология-иммунологиядағы жетістіктер мен перспективалар

17 Қазан 2019

2019 жылдың 19-21 қыркүйегі аралығында  Алматы қаласында  аллергология-иммунология мамандығының резиденттері  Оспанова А.Б., Бекмұханбетова М.Е. Алматы қаласының бас аллергологы Т.Т.  Нүрпеисовтың қатысуымен ҚР ДСМ және Алматы қаласының ДБ қолдаумен өткен «Аллергология-иммунология: Жетістіктері мен перпективалары» атты III Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Бұл конференция м.ғ.д., профессор, КІА және ҒЗИ республикалық ғылыми – практикалық аллергология орталығының негізін қалаушысы мен басшысы Т.Н. Нүрпеисовты еске алуға арналған. Конференция аясында КІА және ҒЗИ базасында өткізген спирометрия техникасы, иммунограмм интерпритациясы, invitro аллергодиагностика спецификасы,күнделікті практикадағы invivo бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Конференция спикерлері анафилаксия кезінде жедел көмек, дәрігерлік гиперсезімталдық, атопиялық дерматит және сақтағыш есекжем емдеу бойынша басты сұрақтар және бронхиалды астма анти-IgE терапиясы, тәуекел тобындағы балалар иммунизациясы- заманауи аллергологиясының өзекті сұрақтары бойынша тақырыптарды ашқан Қазақстан, Ресей, Белорусия республикалары мамандары болды. Берілген шараның көлемі, деңгейі мен даярлығы әсер етіп, жақын шетел елдері әріптестерінің тәжірибесін қолдана отырып, біздің дисциплинаны тереңдете меңгеруге ынталандырады. Осы конференцияға қатысуға мүмкіндік берген біздің тәлімгеріміз профессор М.А. Газалиеваға жеке алғысымызды білдіреміз. 


0
2133

пікірлер

пікір қалдыру үшін.