Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Теологтармен кездесу

Теологтармен кездесу

17 Қазан 2019

15 қазан күні Қарағанды медицина университетінің №1 жатақханасында Қазақстан халқының рухани келісім күніне арналған студенттердің теологтармен кездесуі өтті.

Қарағанды қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы Дін істері жөніндегі сектордың мамандары Сыздықова Индира Бауыржанқызы, Сағитова Эльмира Жанатқызы, Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының теологы Аманжолов Сұлтан Мұратұлы және ҚМУ қауіпсіздік қызметінің бастығы Қалиев Мұхтар Қалиұлы жастармен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Кездесуді М.К.Қалиев ашты. И.Б.Сыздықова "Антитеррор санасы" дәрісінде студенттерге теракт кезінде өзін қалай қауіпсіздендіру, өзін қалай ұстау және осындай жағдайларда не істеу керектігі туралы түсіндірді.

С.М.Аманжолов өз сөзінде интернет арқылы және нақты өмірде секталарды, террористік ұйымдарды тартушылар тәжірибелерін сипаттады. Сондай-ақ, ол экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың психологиялық аспектілері туралы айтты.

Студенттер баяндамашылардың сөздерін белсенді талқылап, пікірталасқа қатысты, бұл олардың осы тақырып бойынша өзекті білім алуға мүдделілігін көрсетеді.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
2570

пікірлер

пікір қалдыру үшін.