Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«100 оқулық – жаңа білім»

«100 оқулық – жаңа білім»

15 Қазан 2019

2019 жылдың 11 қазанында Қарағанды медицина университетінің кітапханасында «100 ОҚУЛЫҚ – ЖАҢА БІЛІМ» атты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында дөңгелек үстел өтті. Алғы сөзді кітапхана директоры Мананбаева Марфуга Хамитовна бастап, сөз кезегін Басқарма Төрағасы – Ректордың кеңесшісі Молотов-Лучанский Вилен Борисовичке берді. Вилен Борисович осы бағдарламаға орай өз ойын айта өтті. Кітапхананың библиографы Аразниязова Ирина Евгеньевна «100 ОҚУЛЫҚ – ЖАҢА БІЛІМ» тақырыбында презентация ұсынды. 

Дөңгелек үстелде шет тілі, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, медициналық психология және коммуникативті дағдылар кафедраларының оқытушылары бірнеше кітапқа шолу жасады. Дөңгелек үстел аяқталған соң, 1-ші курс студенттері осы тақырып жөнінде өз ойларымен бөлісіп, кітапхана қорына түскен көрмедегі 30 кітаппен таныстырылды.



0
2311

пікірлер

пікір қалдыру үшін.