Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

14 Қазан 2019

2019 жылы суицидтің маңызды мәселесіне арналған Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін, жыл сайын медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы атап өтеді.

  2019 жылдың 10 қазанында  Қарағанды медицина университетінің орталық корпусында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, онда  2-5  курс студенттері сөз сөйлеп, тақырыптық баяндамаларын оқыды.Ерекше көзге түскен шетел бөлімінің 2 курс студенттері Sachin Yadav, Yadav Amit Kumar, Singh Shweta, Deepak Sharma баяндамаларында Үндістан мен Шығыс Азия аймағындағы басқа да елдердегі суицидологияның социокультуралдық аспектілері таныстырылды.

  "Жалпы медицина" мамандығының 5 курс студенттері Қазақстанда суицидтің алдын алудың дамуы мен жетістіктері туралы ағылшын тілінде - Ахметова Мариям, қазақ тілінде - Мырзағали Ержан айтып берді.

  Конференция қатысушылары "Рельстер-рельстер, шпалдар-шпалдар..."атты  балалардың әзіл өлеңдері арқылы бір – біріне массаж жасады.

  Ал 1002 Биомедецина тобында оқитын Гусенко Даниэль атты студентіміз 15 минутқа символдық "Өмір мүсінінің" құрылуын басқаратын нағыз мүсінші болды,сонымен қатар басқа да студенттер құрылымдық элементтер болды.Конференцияда студенттерге кәсіби психологиялық көмек көрсету және өз - өзіне және өзара көмек көрсету мәселелері талқыланды.Конференцияның белсенді қатысушылары іс-шара соңында кафедра атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.


0
2366

пікірлер

пікір қалдыру үшін.