Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дайындық тәжірибесімен алмасты

Дайындық тәжірибесімен алмасты

07 Қазан 2019

24 қыркүйекте Қарағанды медицина университетінде «Резидентурада практикалық-бағытталған дайындық" халықаралық қатысумен «дөңгелек үстел» өтті.

Оған университеттің проректорлары, профессорлық-оқытушылық құрамы, Вильнюс университетінен келген қонақтар - Екатерина Борткевич және профессор Юоазас Райстянскис қатысты.

ҚМУ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова ЖОО резидентурасында оқудың қалай ұйымдастырылғанын егжей-тегжейлі баяндап берді.

Ол медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дайындықты қамтамасыз ететін клиникалық базаларда жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарында басталады және облыстық және республикалық деңгейлерде аяқталады. Көшпелі резидентура орталық аудандық ауруханаларда, моноқалалардың орталық ауруханаларында, қалалық және облыстық клиникаларда, республикалық ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарында өткізіледі.

Провост (бірінші проректор) Вайва Хендриксон «Литвадағы резидентурада дайындық тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Вильнюсте резиденттер арасында дерматология, эндокринология, гастроэнтереология, пластика, радиология, оториноларингология, кардиология бойынша бағдарламалар танымал. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бағдарламаларға қатысуға жіберілуі тиіс дәрігерлердің санын анықтайды. Іріктеу мемлекеттің қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі және қорытындылар білім, ғылым және спорт министрлігінің қарауына шығарылады. Орындар саны Ғылым және зерттеулер туралы заңның ережелеріне сәйкес жоспарланады.

Сонымен қатар, шетелдік қонақтардың баяндамалары тыңдалды: Вильнюс университеті медицина факультетінің академиялық бөлімінің басшысы Екатерина Борткевич және оның әріптестері, оңалту бойынша резидентура ОП басшысы, профессор Юоазас Райстянскис.

«Дөңгелек үстел» жұмысы барысында Қарағанды медицина университетінің резидентурасының барлық мамандықтарының білім беру бағдарламаларының жетекшілері белсенді қатысты. Қатысушылар клиникалық тәлімгерлердің қызметін, профессорлық-оқытушылық құрамының жүктемесін, қорытынды бақылау нысандарын және білім алушыларды бағалау әдістерін егжей-тегжейлі талқылады.


0
1928

пікірлер

пікір қалдыру үшін.