Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Коммуникативтік дағдылар: Қорытындылау және потенциалы

Коммуникативтік дағдылар: Қорытындылау және потенциалы

03 Қазан 2019

2019 жылы 27-28 қыркүйегінде Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында «Медицинадағы коммуникативтік дағдылар, психология және әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері: теориядан практикаға дейін» атты VI Халықаралық жыл сайынғы конференциясы өтті.Конференция ҚазҰМУ коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі, профессор Марат Әбубәкірұлы Асимовтың мерейтойына арналды.

Пленарлық отырыс мерейтой иесіне құрмет көрсетуге, Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарынан коммуникативтік дағдылар бойынша республикалық мамандардың жетістіктерін ұсынуға, Марат Әбубәкірұлы мен оның қызметкерлерінің медицинадағы коммуникацияны дамыту ісіне қосқан үлкен үлесі туралы айтқан Алматы қаласы клиницистердің сөз сөйлеуіне арналды.Пленарлық отырыста Қазақстанның қазіргі денсаулық сақтаудағы клиникалық психология мен әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері бойынша сұрақтар айтылды, ал екі секцияның біріккен жұмысының бірінші күнінің соңында ҚР клиникалық психологтарының қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.

  Конференцияға қатысқан «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының оқытушылары профессор Асимовты өлең түрінде құттықтап, естелік сыйлық сыйлап, Алматы және Қарағанды қалаларының, медициналық университеттерінің екі кафедрасының көпжылдық жемісті ынтымақтастығы атап өтілді.Кафедра оқытушылары Мациевская Лариса Леонардовна, Құсайнова Маржан Амантайқызы, Жакишева Гүлбахрам Серікқызымен ұсынылған баяндамаларды аудитория қызу талқылауымен қарсы алды.


0
2471

пікірлер

пікір қалдыру үшін.