Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алло, біз дарынды жастарды іздейміз– 2019

Алло, біз дарынды жастарды іздейміз– 2019

18 Қыркүйек 2019

14 қыркүйек күні ең харизмалық және шығармашыл бірінші курс студенттері университеттің акт залына жыл сайынғы «Алло, біз дарынды жастарды іздейміз!» атты байқауға қатысу үшін жиналды.

Дарынды студенттердің  өзіндік жәрмеңкесі болып табылатын жас таланттардың байқауы студенттердің бастамасын қолдау аясында өткізіліп, болашақ медицина мамандарына олардың шығармашылық әлеуеттерін ашуға көмектесу үшін арналған.

Байқау өзінің ұзақ тарихында көптеген талантты студенттерге өз шығармашылық жолдарын табуға көмектесті, ең шығармашылық идеялар мен шығармашылық амбицияларды іске асыру үшін өзіндік іске асыру алаңына, сонымен қатар өнердің әр саласында өзін таныту үшін тамаша мүмкіндігіне айналды.

Шығармашылық ұжымдар мен студенттік бірлестіктердің жетекшілері жиналғандарды өздерінің команда шығармашылығымен таныстырып, көрнекті презенацияларын көрсетті.

Үйірмедегі сабақтар көпшілікке сахнаға шығуға мүмкіндік береді, алғаш рет өз күшін сынап, шығармашылық мүмкіндігін іске асырады.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2634

пікірлер

пікір қалдыру үшін.