Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жол Ашар - 2019

Жол Ашар - 2019

10 Қыркүйек 2019

Жоғары оқу орнында, әсіресе медициналық университет сияқты үлкен оқу орнында оқудың басталуы – бұл бірінші курстың әр студенті үшін өте қызықты және көптен күткен іс-шара.

Мектеп пен емтихандар артта қалды, ал таңдаған мамандық бойынша қиын оқу күндері және қаныққа толы студенттік өмір әлі алда. Бірден көптеген сұрақтар туындайды: Дұрыс аудиторияны немесе кафедраны қайдан іздеу керек? Деканнын аты қалай? Кітапханаға қалай өту керек? Және басқада көптеген сұрақтар.

2019 жылдың 07 қыркүйек күні, «Жол ашар» ойынына қырықтан астам студенттік командалар қатысты. Жақында ғана университет студенттері деп атанған екі жүзге жуық жас жігіттер мен қыздар шифрланған «станцияларды» іздеп, күрделі сұрақтарға жауап берді. Ойынның нәтижелері бойынша ең жылдам және білімді командалар анықталды, «Жол ашар 2019» спортты-зияткерлік викторина жеңімпаздары анықталды:

III орын- «F4» командасы (Медицина мектебі);

II орын - «Старки»командасы (Медицина мектебі);

I орын - «Острые козырьки» командасы (Стоматология мектебі).

Сонымен қатар, «Университеттің фонындағы ең үздік селфи» номинациясы бойынша жеңімпаз анықталды – «Акации» командасы және «Үздік эстетикалық көрініс» - «Сурки» командасы.

«Жол ашар 2019» спортты-зияткерлік мерекесі аяқталды, оқу күндері басталды. Біздің бірінші курс студенттеріне оқуда табыс тілейміз, барлық істеріне сәттілік, өздеріне деген сенім және осының бәріне төтеп беру үшін зор денсаулық тілейміз!

«Самұрық» студенттік республикасына ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2389

пікірлер

пікір қалдыру үшін.