Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Литвада білім алу

Литвада білім алу

04 Қыркүйек 2019

Қарағанды ​​медицина университеті 2019 жылдың 25-26 қыркүйегінде өтетін «Литва университеттерінің тұсаукесері» халықаралық конференциясының ұйымдастырушысы болып табылады.

Конференция ЕО-тың«Қазақстандағы Литва жоғары оқу орындарының танымалдылығын арттыру және беделін көтеру, Литвада білім алуға жәрдемдесу» жобасының аясында Вильнюс университетімен бірге ұйымдастырылып жатыр. Жобаның мақсаты - Қазақстан студенттерін Литвада күндізгі және сырттай оқуға тарту және Литва университеттерінде біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін насихаттау, сонымен қатар Литва мен Қазақстанның жоғары оқу орындары мен университеттер арасында ғылыми-зерттеу саласындағы бірлескен жобаларды ынталандыру.

Жоба 2016 жылы басталды және осы уақытқа дейін аталған жобаға Қазақстанның жеті университеті қатысып үлгерді.

Литва университеттерінің өкілдері оқу және алмасу, сондай-ақ әр түрлі салалардағы (медицина, физика, химия, жер туралы ғылым және т.б.)институционалды және ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы таныстырады.

Іс-шараның мазмұны студенттер үшін ғана емес, профессорлар мен әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер үшін де қызықты болуы мүмкін. Аталған іс-шараға қатысуға жергілікті жоғары оқу орындары шақырылады.

  Іс-шара бағдарламасын мына жерден қараңыз: (бағдарламаға сілтеме)


0
2320

пікірлер

пікір қалдыру үшін.