Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқу атыстары

Оқу атыстары

29 Шілде 2019

Осы жалдың 25 шілдесінде оқу-жаттығу жиыны аясында Спасск ауылының Оқу-жаттығу полигонында әскери кафедраның студенттерімен оқу атыстары өткізілді.

Оқу атыстарын өткізбес бұрын әскери кафедра оқытушылары студенттерді  атысқа дайындау үшін  үлкен еңбек атқарды. Осы мақсатта қару-жарақтың материалдық бөлігін зерттеу бойынша сабақтар ұйымдастырылып өткізілді. Студенттер ішкі және сыртқы баллистика бойынша алған мәліметтерді қайталап, білімдерін бекітті, оқу атысы кезінде қару-жарақ және оқ-дәрілермен қолдану қауіпсіздік шаралары бойынша емтихандық сынақтарды тапсырды, «Макаров» тапаншасы мен автоматты атыс жасауға дайындау және ату жасау элементтерін игерді.

Оқу взводының кураторлары жеке құраммен әскери және ұлттық мүлікке ұқыпты қарау, қару-жарақ пен оқ-дәрінің қауіпсіздік тәртібі мен ережелері туралы, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәріні ұрлағаны және заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке талтылу туралы әңгімелер өткізді.  

Студенттердің көңіл-күйлері оңды болды, бірақ өмірлерінде алғаш рет әскери қарудан ататын болғандықтан олардың толқулары сезілді.

Атысқа  жауапты офицерлер-оқытушылардың, запастағы полковник  Б.А Жиенбаевтың  және запастағы медициналық қызметінің подполковнигі А.Ю. Политовтың үйлесімді жұмыстарын, сонымен қатар Қарағанды медициналық университетінің студенті,ротаның старшинасы, Нурпеисов Даниярдың бапшыл іс-қимылдарын атап өткім келеді.


0
2498

пікірлер

пікір қалдыру үшін.