Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түлектердің білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау

Түлектердің білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау

25 Шілде 2019

Қарағанды ​​медицина университетінде  16 шілдеден  24 шілдеге дейін резидентура аяқтаған 139 түлектердің 22 медицина мамандығы бойынша тәуелсіз бағалауы өтті. Тәуелсіз бағалау екі кезеңнен тұрды: 1 кезең - компьютерлік тестілеу (100 сұрақ), 2 кезең - объективті құрылымды клиникалық емтихан (ОҚКЕ) форматында 5 жедел медициналық көмек станциясында және мамандық бойынша 3 станция бойынша практикалық дағдыларды бағалау. Тәуелсіз бағалау Ұлттық Тәуелсіз Емтихан Орталығы (ҰТЕО) байқаушыларының және Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының қатысуымен өткізілді.

Резидентердің білімі мен дағдылары оң нәтижемен бағаланды және оларға маман сертификаттары беріледі. Қарағанды медициналық университетінің 35 резиденттері ауылдық медицина мекемелерде және моноқалаларда емдеуге кіріседі.

Барлық резиденттер емтихандарды сәтті тапсырды! Медицинада оқу - қиын жол – олда аяқталды. Біз түлектерге ақ жол тілейміз! Түлектердің  алған білімдері арттырып, ең жақсы қасиеттерді дамытуға тілектеспіз! Барлық түлектерге сәттілік тілейміз!

Г.С.  Кемелова, ПДО директоры

В.Б. Ташкенбаева,  кәсіптік дамыту және резидентура мектебі


0
2888

пікірлер

пікір қалдыру үшін.