Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ақ жол, түлектер!

Ақ жол, түлектер!

19 Шілде 2019

16 шілде күні ҚМУ мәжіліс залында "Жалпы медицина"мамандығы бойынша Халықаралық медицина факультетінің бакалавриат түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге академиялық жұмыс жөніндегі проректор Риклефс Виктор Петрович, ректор кеңесшісі, профессор, м.ғ. д. Молотов-Лучанский Вилен Борисович, Халықаралық медицина факультеті деканының академиялық жұмыс және ғылым жөніндегі орынбасары Сәрсенбаев Қасым Қуандықұлы және профессор-оқытушылар құрамының өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімде бес жыл бойы үздік білім көрсетіп, қоғамдық және спорттық шараларға белсене қатысқан студенттер ректордың алғыс хатымен марапатталды.

Бұл күні,  бакалавриатты бітіргені туралы дипломды барлығы 188 студент алды.

Салтанатты рәсім соңында түлектер ҚМУ әнұранын орындап және салтанатты түрде «Гиппократ» антын қабылдады.

Халықаралық медицина факультеті


0
2559

пікірлер

пікір қалдыру үшін.