Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Күрделі жағдайларды талдаумен тәжірибелік сабақтар

Күрделі жағдайларды талдаумен тәжірибелік сабақтар

11 Шілде 2019

Академиялық ұтқырлық аясында №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры Қойгелдинова Шолпан Секербаевна “Астана медицина университетінің” КеАҚ интернатура ішкі аурулар кафедрасында болды. “Пульмонология, соның ішінде балалар” мамандығының пульмонолог резиденттеріне дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді. Оқыту кезінде пульмонологиядағы функционалды зерттеудің заманауи әдістері мен пневмокониоздар мен шаңдық бронхиттердің зерттеуінің нәтижелерімен таныстырды.

Дәрістер тек қана пульмонологиядағы функционалды диагностика емес, сонымен қатар өкпенің рентгенораммасы мен компьютерлі томографиясы мәселелері талқыланды. Арнайы түрде компьютерлі спирография, өкпенің диффузды қабілеті, бодиплетизмография, сонымен қатар фибробронхоскопияның диагностикалық және емдік мүмкіндіктері талқыланды.

Тәжірибелік сабақтарда өкпенің вентиляциялық қызметтері мен өкпенің көлемін анықтаудағы диагностикалық талаптары және спирограмманың интрепретациясын жүргізуі талқыланды. Рестрикциялық және обструкциялық бұзылыстарының ажыратпалы әдіспен оқыту, сонымен қатар бронходилятациялы сынамаларды жүргізуге көрсеткіштер мен қандағы газды анықтап, кейін оларды интерпретациялады үйретілді.

Тәжірибелік сабақтар оқу әдісінің белсенді түрлері (CBL, PBL) көмегімен күрделі клиникалық жағдайларды талдаумен өткізілді. Білімдерін ағымдық және қорытынды тестілеу мен резиденттерге күнделікті талдау жүргізілді.

“Астана медицина университетінің” КеАҚ интернатура ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Б.А.Айнабекова дәрістердің жоғары дәрежедегі маңыздылығын ексере отырып, келешекте студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамымен біріккен ғылыми-зерттеушілік жұмыс мүмкіндіктері алға қойылды. 


0
2321

пікірлер

пікір қалдыру үшін.