Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастық шақпен кездесу

Жастық шақпен кездесу

04 Шілде 2019

29 маусымның 2019 жылы ҚМУ акт залында  әртүрлі жылдардағы түлектердің дәстүрлі кездесуі өтті.

Шілде айының жылы күнінде жастық шақпен кездесу үшін Қарағанды ​​медицина институтының бұрынғы студенттері, біздің «alma mater» - ді 10, 20, 25, 30, 35, 40, 50 және 55 жыл бұрын бітірген адамдар келді.

Түлектермен кездесу – бұл жақсы көңіл күй, жақын адамдарыңмен араласу мен демалу, студенттік өмірді бірге өткізген таныс адамдармен қайта кездесу мүмкіндігі мен еске алу сәті.

ҚеАҚ «Қарағанды медицина университеті» Басқарма Төрағасы – Ректор, профессор Р.С Досмағамбетова әр түрлі жылда оқыған түлектерді жылы шыраймен қарсы алды. Қатысушыларды қазіргі кездегі жетістіктерімен таныстырып, Раушан Сұлтанқызы барлық түлектерге кәсіби қызметінде табыстар тілеп, Қарағанды медицина университетінің түлектері ретінде өз лауазымдарын биікке көтеріп жүруін тіледі.

Мерекелік кездесуді студенттік шығармашылық үйірмелері мен қауымдастықтарының мүшелері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
3241

пікірлер

пікір қалдыру үшін.